Жанат Сәдуақасов облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасындағы жаңа қызметке тағайындалды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қызылжар ауданын басқарған Жанат Сәдуақасов енді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жанат Сәдуақасов Қызылжар ауданы әкімі лауазымынан босатылып, облыстық әкімдігі энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Жанат Ғаббасұлы Қызылжар ауданын 6 жыл бойы басқарды. Ол еңбек жолын «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ-да инженер-конструктор болып бастады. 2007 жылдың сәуірінен 2010 жылдың сәуіріне дейін СҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бас маманы, бөлім бастығы болды. Кейін 2011 жылдың маусым айына дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бас инспекторы болды. СҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары, облыстық ішкі саясат басқармасын басқарды. 2016 жылдың сәуірінен 2018 жылдың қаңтарына дейін СҚО индустриалды-инновациялық даму басқармасына басшылық етті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz