Берік Уәли ҚР Президентінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Мемлекет басшысының өкімімен Берік Уәли Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Мемлекет басшысының бұған дейінгі өкіміне сәйкес, Нұрмұхамед Исманұлы Байғараев Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы лауазымынан өз еркімен берген өтініші бойынша босатылды.

Бұл лауазымда Нұрмұхамед Байғараевтың орнын Берік Уәли басты.

Берік Уәли 1977 жылы дүниеге келген.

Ол Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын «Кинотанушы», әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистратурасын «Журналистика», Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.

1997-2012 жылдары – «Хабар» агенттігінің, «ТАҢ» телекомпаниясының, «НТК» телеарнасының, «31 канал» ЖШС-нің журналисті, ақпараттық бағдарламаларының редакторы, «Нұр Медиа» ЖШС-нің жемқорлыққа қарсы медиа орталығының жетекшісі.

2018-2019 жылдары – Қазақстан ұлттық арнасының «1-студия» саяси ток-шоуының жетекшісі әрі жүргізушісі.

2012-2015 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, баспасөз қызметінің басшысы, Ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы.

2015-2016 жылдары – Nur Otan партиясы төрағасы Бірінші орынбасарының кеңесшісі.

2016-2018 жылдары – ҚР Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі, Ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры.

2018-2019 жылдары – Жамбыл облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының басшысы.

2019-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы.

2022 жылдың наурыз айынан бастап бүгінге дейін «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы болып келген.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz