СҚО-да қызылшаны жұқтырудың 333 жағдайын тіркелді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, өткен жылы қызылшаны 241 жұқтырса, қаңтар айы басталғалы қауіпті жұқпалы дертке 92 адам шалдықты.
— Жалпы облыста қызылшаны жұқтырудың 333 фактісі тіркелді. Оның 282-сі Петропавлға тиесілі. 12 жағдай – Есіл, 9- ы — Қызылжар, 8 -ы — Аққайың, 7 дерек — М.Жұмабаев, 5-і — Мамлют, 4-і — Айыртауда және 2 фактіден Ғ.Мүсірепов атындағы, Жамбыл және Тайынша аудандарында анықталды, – дейді эпидемиолог мамандар.
Мамандардың сөзінше, облыста қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау барысында 18 925 адам екпе алды.