2030 жылға қарай қолда бар су ресурстары 2,4 текше шақырымға ұлғайтылады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

2030 жылға қарай суармалы жерлердің аумағы 2,5 млн гектарға ұлғайтылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

— Сіздердің қарауларыңызға 2024-2030 жылдарға арналған су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасының жобасы шығарылады. Жалпы алғанда, экономиканың су секторындағы жағдай мемлекеттің су шаруашылығы саясатын және саланы басқаруды түбегейлі жетілдіруді, қалыптасқан құрылымды қайта қарауды, су шаруашылығы субъектілерінің функцияларын бөлуді, экономикалық қатынастардың жаңа тетіктерін әзірлеуді талап етеді, — деді министр.

Оның атап өтуінше, елдің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су тапшылығын азайту мақсатында 20 су қоймасын салу, 15 су қоймасын реконструкциялау, 14 мың шақырымнан астам ирригациялық каналдарды жаңғырту және гидротехникалық құрылыстарды реконструкциялау бойынша бірқатар шұғыл іс-шара көзделіп отыр.

— Жоспарланған тәсілдерді іске асыру суды тасымалдау кезінде өнімсіз шығындарды 50-ден 25 пайызға дейін азайту арқылы 2030 жылға қарай суармалы жерлердің аумағын 2,5 млн гектарға дейін және қолда бар су ресурстарын 2,4 текше шақырымға ұлғайтуға, сондай-ақ экономика салаларын кепілдендірілген сумен қамтамасыз ету үшін гидротехникалық құрылыстардың жай-күйін жақсартуға және төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайтуға мүмкіндік береді, — деді Нұржан Нұржігітов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz