Жерге улы химикат төккен шаруашылыққа айыппұл салынды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданындағы «Asyl Farms» ЖШС-ге қатысты экологиялық тексеріс аяқталды. Химикатпен қоршаған ортаға зиян келтірген шаруашылық топырақ қабатын қалпына келтіру бойынша кешенді жұмыс жүргізеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Былтыр мамыр айының соңында Шал ақын ауданы Афанасьевка елді мекенінің маңындағы орманда ағаш жапырақтары сарғайып кеткен. Мұны көрген тұрғындар әлеуметтік желіде шу шығарып, нәтижесінде тексеріс жүргізілген еді.

Экологтардың айтуынша, «Asуl Farms» ЖШС-гі Сергеев орман шаруашылығы маңында КАС-32 сұйық тыңайтқышын төккен. Алайда бұл туралы тиісті мекемелерге хабарламаған.

— Апат жайында, келтірілген экологиялық шығын туралы облыстың қоршаған ортаны қорғау бойынша уәкілетті органына хабарлауы керек еді. Міндетті мемлекеттік экологиялық сараптама туралы ҚР заңнамасы бұзылған. Бұл заң бұзушылықтар бойынша ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1 млн 121 мың теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ олқылықтарды жоюға ұйғарым берілді, — дейді СҚО бойынша экология департаментінің басшысының міндетін атқарушы Жаслан Садуев.

Шаруашылық топырақ қабатын бастапқы қалпына келтіру бойынша ремедиация бағдарламасын жасады. Кешенді шара барысында жердің құнарлығын қайтару үшін рекультивацияның техникалық және биологиялық кезеңдері жүргізіледі. Бұл жұмысқа қосымша 1 млн 160 мың теңге жұмсалмақ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz