СҚО-да көмір қымбаттады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста көмір бағасы 12 пайызға қымбаттады. Қатты қара отынның бір тоннасы 12-19 мың теңге бағаға сатылып жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Qazaqstan.tv арнасына сілтеме жасап.

Облыс аумағында халықтың тұрмыстық қажеттіліктері үшін көмір сататын арнайы 32 орын бар, оның 4-еуі Петропавлда орналасқан. Қатты отынды бөлшек саудада 24 кәсіпорын сатады. Тұрғындар болса, амалдың жоқтығынан қымбат болса да, көмірді алуға мәжбүр.

Өңір тұрғындары жылыту маусымында орта есеппен 419 мың тонна көмір тұтынады. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, қатты отынның қоры жеткілікті. Мониторинг жүргізген мамандар бағаның қымбаттауы бірнеше факторға байланысты екенін айтады.

— Кен орындарының өзінде көмірді сатып алу бағасы өсті. Теміржол тарифтері де шарықтап кетті. Сондай-ақ еңбекақы да артты. Осының барлығы бағаның өсуіне алып келді, – деп түсіндірді бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті басшысының міндетін атқарушы Аслан Әлібаев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz