Екі адамның өміріне араша түсті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Жедел жәрдем қызметі орталығының мамандары 14 жастағы бойжеткен мен 40 жастағы әйелді өлім аузынынан құтқарды. Облыс тұрғындары «цефтриаксон» дәрісін қабылдап, салдарынан олар анафилактикалық шок алған, деп Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Орталықтың мәліметінше, тұрғындардың денсаулықтарына қауіп төндірген жағдай бір күнде тіркелді. Жасөспірімге «цефтриаксон» препараты енгізілген соң араға 15 минут салып, қыздың денсаулығы нашарлады. Бала есінен танып, ата-анасы дереу жедел жәрдем қызметін шақыртты. Дәрігерлер келген кезде оның қан қысымы 60/40-ты көрсетті. Науқас шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.

Ал сағат 23:00 шамасында 40 жастағы әйелге жедел жәрдем шақыртылды. Келіншек те «цефтриаксон» дәрісін қолданған екен. Ол есінен танып, науқастың жағдайы ауырлады. Қан қысымы түсіп, ол 20/0 көрсетті.

— «Цефтриаксонды» енгізуге аллергиялық реакция біздің қызметкерлер келгенге дейін 15 минут ішінде дамыды. Көмек көрсеткеннен кейін естерін жинап, науқастың жағдайы жақсарды. Стационарға жатқызылды. Жедел медициналық жәрдем қызметкерлері үйлесімді іс-қимыл мен пысықталған дағдылардың арқасында адам өмірін сақтап қалды.
Енгізу алдында антибиотиктерге сезімталдық сынамасын жүргізу қажет екенін есте ұстаған жөн. Әсіресе антибиотиктерді қолданған кезде, оның ішінде цефалоспориндер тобы — оларға Цеф-3, цефтриаксон, цефазолин және басқалары жатады. Олар COVID-19 пандемиясы кезінде өте кең қолданылған және халықтың дені аллергияға ұшыраған, — дейді жедел жәрдем қызметі орталығының мамандары.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz