Синоптиктер Солтүстік Қазақстан облысында ақпан айы нормадан 2 °С жылы болады дейді. Орташа ауа температурасы -11,8-13,7°С болады деп күтілуде, деп Qyzyljarnews.kz тілшісі.
“Казгидромет” мамандарының болжамынша, ақпан айының алғашқы он күндігінде түнде кей аудандарда -26°С аяз болады. Ал күндіз -13-18°С болмақ.
Айдың ортасында ауа температурасы көтеріледі. Түнде -5-10°С болса, күндіз -3-8 °С.
Ал айдың соңында күн райы тұрақсыз болмақ. Түнгі уақытта -13-18°С-тан-4-9°С аралығында аяз болады. Күндіз термометр көрсеткіші -8-13°С-тан+1°С-қа дейін көтерілмек.
— Айлық жауын-шашын мөлшері нормаға сай болады. Айдың алғашқы он күндігінің соңында, айдың соңғы күндерінде тұман болады деп күтілуде, – деп хабарлайды синоптиктер.