Облыста екі нысан терроризмнен қорғалмаған

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО полицейлері екі нысанда терроризмнен қорғанудың осал екенін анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Шағын және орта кәсіпкерлікті тексеруге мораторийдің аяқталуына байланысты Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері террористік тұрғыдан осал нысандарды тексеруді қайта бастады. Терроризмге қарсы қорғалу жағдайы қазіргі заманғы инженерлік-техникалық жабдықтың болуына, персоналдың кенеттен туындайтын дағдарыстық жағдайда әрекет етуге дайындығына да байланысты. Бұл үшін объектілердің басшылығы оқу-профилактикалық және өзге де іс-шараларды өткізуді қамтамасыз етуі тиіс.

Ең алдымен полиция қызметкерлері білім беру нысандарын тексеруде. Балабақшалардың бірінде бейнебақылау және дауыстап хабар беру жүйесіндегі кемшіліктер анықталды. Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасымен бірлесіп бұрын бұзушылықтар анықталған стратегиялық нысандар тексерілді. Белгілі болғандай, басшы оларды дер кезінде жою шараларын қабылдамаған. Екі жағдайда да басшылар тиісінше 50 және 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұлға тартылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz