Есірткі саудасымен айналысқан қылмыстық топ құрықталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыс полицейлері сегіз адамнан құралған қылмыстық топты ұстады. Олар есірткі сатумен айналысқан. Күдіктілерден 50 келіге жуық есірткі заты тәркіленді. Оның 81 грамнан астамы – гашиш екені белгілі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі

Облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері Петропавл қаласына аса ірі көлемде марихуана мен гашишті жеткізу және тарату арналарын бірнеше ай бойы бақылап келген.  Есірткі өңірімізге ел астанасынан жеткізіліп отырған.

— Өткен жылдың басында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Астана қаласына Петропавл қаласына есірткі заттарын жеткізген қылмыстық топ туралы ақпаратты алды. Мамыр айында осы қалаларда қылмыстық топты анықтау бойынша арнайы операция жүргізу кезінде топты басқарған адам және жеті қатысушы ұсталды, – деді есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Руслан Үмбетов.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері мен жүргізілген көптеген сараптамалар аяқталды. ҚР Қылмыстық кодексінің – ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық ету, өткізу мақсатында аса ірі көлемдегі есірткіні заңсыз пайдалану бойынша қозғалған іс материалдары сотқа жіберілуге дайындалып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz