Елікті заңсыз атқан азамат анықталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Заңсыз аң атқан облыс тұрғыны ұсталды. Күдікті қылмысын жасыру мақсатымен мылтығын әкесінің үйінде жасырған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ғабит Мүсірепов атындағы аудандағы Рузаев аң шаруашылығының қорықшысы төңіректі тексерген уақытта сібір елігінің мүшеленген етін тапқан. Бұл туралы ол аудандық полицияның кезекші бөліміне хабарлаған. Тәртіп сақшылары қылмыстың ізін суытпай күдіктіні анықтап, 34 жастағы жергілікті тұрғынын құрықтады. Белгілі болғандай, аңшы 16 калибрлі «ИЖ-18» мылтығы мен жануардың етін әкесінің үйінде сақтаған. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы «Заңсыз аңшылық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Жануардың еті, күдіктіге тиесілі мылтық пен «Урал» мотоциклі тәркіленді.

– Бұл баптың санкциясына сәйкес 3 мың айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұл салудан 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза көзделген. Сондай-ақ күдікті өзі айтқандай, орман ішінен тауып алған мылтықты сақтағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Қаруды тауып алған жағдайда бірден полицияға хабарлау қажет екенін ескертеміз. Қаруды заңсыз сақтау үшін көзделген қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен оны ерікті түрде тапсыру ғана босатады, , – дейді аудандық ПБ бастығы полиция полковнигі Марат Әлжанов.

Табиғатты қорғау полициясы қызметкерлерінің ақпаратына сәйкес, жыл басынан бері облыста заңсыз аңшылықтың 10 фактісі тіркелді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz