Италияда парабиатлоннан әлем кубогының екінші кезеңі өтіп жатыр. Байрақты бәсекеде ел намысын Ербол Хамитов қорғап, жарыстың қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жерлесімізді айтулы жетістігімен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов құттықтап, ізгі лебізін әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жариялады.
— Солтүстікқазақстандық спортшы Ербол Хамитовты парабиатлоннан әлем кубогының қола жүлдесін жеңіп алуымен құттықтаймын. Өткен жылы ол шаңғымен жүгіруден әлем чемпионы атанды. Ерболға батылдығы, табандылығы және спорттағы жоғары жетістіктері үшін алғыс айтамын. Оған жаңа спорттық табыстар тілеймін! — деп жазды СҚО әкімі.
Әлем кубогының екінші кезеңінде 18 елден 160 спортшы қатысып жатыр.