«Құлагер» клубы жеңіліс тапты

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Шайбалы хоккейден жоғары лига командалары арасындағы ел біріншілігі жалғасуда. Чемпионат аясында жергілікті «Құлагер» клубы Өскеменде «Торпедоға» қарсы ойын өткізді. Өкінішке қарай, жерлестеріміз есе жіберді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Кездесуде есепті бірінші болып  мұз айдынының иелері ашты. Клуб сапында Максим Базанов көзге түсті. Бірінші кезеңнің соңына дейін жерлестеріміз таразы басын теңестіре алмады. Қызылжарлық хоккейшілер ойынның екінші бөлімінде қарсыластардың шайбасына жауап қайтарып, Никита Потапов нәтижелі соққының авторы атанды. Көп ұазамай солтүстікқазақстандықтар есепте алға шықты.

Үшінші кезеңде өскемендіктер есепті теңестіріп  ғана қоймай, үш бірдей шайбаны жерлестеріміздің қақпасына дарыта алды. Кейін жерлестеріміз сапында Алексей Закарлюкин көзге түсіп, есеп айырмасын қысқартты. Ойынның нүктесін «Торпедо» хоккейшісі Богдан Сенотов қойды. Осылайша құлагерліктер 5:3 есебімен жеңілістің ащы дәмін татты.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz