Сепаратистерге қатысты шығарылған соттың үкімі өзгеріссіз қалды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстық соттың апелляциялық инстанциясы мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді насихаттағаны және сепаратистік әрекетке жария түрде шақырған өңірдің төрт тұрғынына қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Былтыр қараша айының соңында Петропавл қалалық соты осы іс бойынша 19 адамның төртеуіне үкім шығарды. Вячеслав Зудерман 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Қалған үшеуі  — Елена Болдырева, Мәдина Қапарова және Ольга Бережнова 7 жылға сотталды. Олар бұл үкіммен келіспей аппеляцияға берген еді.

Облыстық соттың мәліметінше, апелляциялық инстанция Петропавл қалалық сотының үкімін өзгеріссіз қалдырып, сотталғандар мен олардың қорғаушыларының шағымын қанағаттандырмады. Апелляциялық қаулымен сот үкімі заңды күшіне енді.

Естеріңізге салайық, 2023 жылдың 19 наурызы күні Петропавлдың 19 тұрғыны жергілікті колледждердің бірінің ғимаратына жиналып, Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы еңбекшілерінің Халық кеңесін құрғандығын жариялаған. Оны кейіннен бұл кеңесті Қазақстан Республикасынан тәуелсіз деп Декларация қабылдаған. Бұдан басқа әлеуметтік желіде белсенділік танытып, Қазақстанның тәуелсіздігін жоққа шығаруды мақсат еткен жазбаларды жариялап келген. Саясаттанушы мен басқа да мамандардың қатысуымен болған комиссиялық психологиялық-филологиялық сот сараптамасының қорытындыларына сәйкес олардың әрекетінен сепаратизм белгілері анықталған. Сондай-ақ ұйымдастырушылардың бірі – Зудерман үйінде 9 мм калибрлі тапанша патронын заңсыз сақтаған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz