Таныстарын алдаған қала тұрғыны жауапқа тартылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавл қаласының 37 жастағы тұрғыны  таныстарын алдап, қарызға ақша алған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қала тұрғыны 2016 жылдан бері таныстарынан түрлі сомада қарызға ақша алып келген. Тіпті қолхат жазып, үстінен ақша қосып қайтарамын деп айтқан. Алайда сөзінде тұрмаған ол ақшаны өзінің қажетіне жаратқан екен. Алаяқтың құрбандары оның қайта-қайта айтқан уәделеріне сеніп, әбден шыдамдары таусылған соң тек 2023 жылы ғана полицияға  жүгіне бастапты.

Бұл қылмыстарды тергеумен айналысқан петропавлдық полицейлер адамдарды алдаудың 14 эпизодын анықтаған. Күдікті таныстарына 270 мың теңгеден  15 миллион теңгеге дейінгі шығын келтірген. Тергеушілердің мұқият жүргізген жұмысының нәтижесінде бұл іс сотқа жіберілді. Петропавл қалалық соты күдіктіні айыпты деп таныды, оған 5 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Сондай-ақ ол келтірген шығынды  толық өтемек.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz