Өткен жылы солтүстікқазақстандық жасөспірімдер 39 қылмыс жасаса, оның 17-де колледж студенттері қатысқан, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
2021 жылдан бастап облыста есірткі таратумен айналысқан 15 мектеп оқушысы мен студент жазаға тартылды. Оның 12-сі бас бостандығынан айырылды. Жасөспірімдер арасында тағы бір қылмыстың түрі – ұрлық. Өткен жылдың ішінде өңірде мұндай заң бұзушылыққа барған 5 факті тіркелген. Ювеналдық полиция бөлімшесінің мәліметінше, кәмелеттік жасқа толмағандармен алаяқтық және бопсалау деректері де тіркелуде.
– Полицияның есебінде құқықбұзушылыққа барған 20 оқушы есепте тұр. Олар ювеналдық полицейлердің жіті бақылауында. Әрине оқушылар мен студенттердің жүріс-тұрысын бақылап отыру маңызды. Әсіресе, жатақханада тұратын жастар назарда болған жөн, — Петропавл қ. ПБ ювеналдық полиция бөлімшесінің аға инспекторы Динара Мұқанова.