СҚО-да интернет-алаяқтық фактілері азаймай отыр

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Соңғы үш айдың ішінде облыста 178 интернет-алаяқтық фактісі тіркелді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Иван Терзидидің айтуынша, алаяқтар көбіне «банктен қоңырау шалу» схемасын қолданып, жәбірленушілерді алдайды.

– Қылмыскерлер азаматтардың банк шоттарын қорғау үшін ұялы телефонға арнайы бағдарламаларды орнату қажеттігін түсіндіріп көндіреді. Осылайша олар жәбірленушілердің смартфондарына қашықтан кіріп, қаражаттарын иемденеді. Сондықтан белгісіз нөмірден хабарласқандардың айтқанын тыңдамай, ақпаратты ресми арналар арқылы тексеру қажет, — дейді Иван Терзиди.

Бүгіндері полицейлер алаяқтық фактілердің алдын алу мақсатында халық тұтынатын нан-тоқаш өнімдерінің жапсырмаларына «Алаяқтар қоңырау шалып, өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырып, «HopToDesk», «RustDesk», «AnyDesk», «TeamViewer» қосымшаларын көшіріп алуға көндіреді» деген екі тілде қысқаша мәтінді қойып, ерекше акцияны өткізуде. Тәртіп сақшылары мұндай әдіс интернет-алаяқтықпен күресуге көмегін тигізетініне сенімді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz