Петропавлдағы Әлихан Бөкейхан атындағы №25 орта мектетпте тоғызқұмалақтан облыс біріншілігі өтуде. Өңірлік жарысқа жасөпірімдер және жастар қатысып жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыс біріншілігі дәстүрлі. Биылғы додаға 2003-2010 жылдары туған 80 бала қатысуға ниет танытты. Араларында жылғы чемпионатта жүлдегерлер қатарынан көрінгендермен қатар, өткен жылы аудандық деңгейде жеңімпаз атанғандар да бар.
– Бір ойын 45 минутқа созылады. Егер осы уақыт арылығында жеңімпаз анықталмаса, қосымша 5 минут беріледі. Биылғы жарысқа Шал ақын, Қызылжар, Аққайың мен Петропавл қаласының жастары қатысуда. Бұл доданың қорытындысы бойынша облыс командасы жасақталады, — дейді жарыстың бас төрешісі Марат Ақай.
Тоғызқұмалақтан облыс біріншілігі ақпанның 1-і мен 3-і аралығында өтіп, жарыстың соңғы күнінде жүлдегерлер марапатталады.