«Қызылжар» футбол клубы жаңа маусым басталмас бұрын қатарларына жаңа аяқдопшыларды алуда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Биыл футбол маусымында команданың құрамы 80 пайызға жаңартылмақшы. «Қызылжар» ФК-ның президенті Григорий Лорияның айтуынша, Түркияда оқу-жаттығу жиынында бірқатар чемпионаттардан ойыншылар қаралды. Кейбірі солтүстікқазақстандық ұжым қосылып, келісімшарт жасасты.
Команда сапына қосылғандардың қатарында черногориялық футбол мектебінің түлегі – Митар Чукович. 28 жастағы ойыншы қорғаушы позициясында ойнайды. «Қызылжарға» дейін ол, черногориялық «Петровац», «Ловчен» клубтарында және сербиялық «Пролетер», «Напредрак», босниялық «Вележ» бен литвалық «Панавежис» клубтары құрамында өнер көрсетті. Соңғы маусымды Митар литвалық «Ритеряй» командасында ойнады.
Ал қатарға қосылған Шоқан Абзал – Қызылорда футбол мектебінің түлегі. Бұған дейін қазақстандық вингер «Байқоңыр», «Қайсар», «Тұран» және «Оқжетпес» командаларында ойнады.