Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Ұлттық басылым күнімен газет ұжымдарын әлеуметтік желідегі жеке парақшасында құттықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Бүгіндері өңірде 32 газет шығады. Олар облыстық «Soltüstık Qazaqstan» және «Северный Казахстан» газеттері, қалалық және аудандық деңгейдегі басылымдар.
– 2 ақпан – Ұлттық басылым күні. Осыдан тура 111 жыл бұрын отандық баспасөздің негізін қалаған «Қазақ» газетінің бірінші нөмірі шыққан еді. Газет – тарихты қағаз бетіне түсіретін жылнама, сапалы әрі шынайы ақпаратты жеткізеді. Бұл салада еңбек етіп жүрген баршаларыңызды мерекемен құттықтаймын. Шығармашылық табыс тілеймін!- деп жазды өңір басшысы.