СҚО-да азық-түлік бағасы бір жылда қалай өзгерді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қаңтар айында облыста инфляция жылдық есептеумен алғанда 9,5% құрады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz  тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросы СҚО бойынша департаментінің мәліметінше, өткен жылғы қаңтармен салыстырғанда бір жылда ең көп, яғни 12,7% ақылы қызметтер өскен. Екінші орында 8,8% азық-түлік тауарлары қымбаттаған, ал азық-түлік емес тауарлар бағасы 8% артқан.

Мәселен бір жылдың ішінде жұмыртқа – 16,6%, жемістер – 12,3, макарон және кондитер өнімдері – 7,8% қымбаттаған.

Ал күріштің бағасы 30,9% өссе, алкогольді ішімдіктер мен темекі өнімдеріне бағалар өсімі 18,5% құрады. Жас көкөністерге баға 1%, соның ішінде қырыққабатқа – 20,7, сәбізге – 25, қызанаққа – 6% артқан.

Бағасы арзандаған тауарлардың ішінде көшті пияз бастап тұр, өнім бағасы 19% төмендеді. Жармалар — 12,9%, картоп — 1,7%, өсімдік майы – 14,3%, қант – 13,2% арзандады.

Азық-түлік емес тауарларға тоқталар болсақ, приборлар және жеке басқа арналған тауарлар бағасы – 19,9%, фармацевтикалық өнімдер – 10,4%, киім және аяқ киім – 9,7% өскен.

АИ-95, АИ-96 маркалы бензин 15,4% қымбаттады. Көмір, өткен жылмен салыстырғанда, 6,8% өсті.

Жеке көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу – 20,9%, автосақтандыру – 7% қымбаттады. Темір жол көлігі қызметтерінің бағасы 10,7% көтерілді.

Нотариус қызметтерінің бағасы 7% өсті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz