Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шараға мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Жастар балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтің туындыларымен танысты. Белгілі жазушыны білмейтін оқырман кемде-кем. Әсіресе, оның “Менің атым Қожа” кітабы мен киносы кеңінен танымал. Повесть әуелі орыс тілінде жарық көрген екен, кейін шетелде басылып шыққан. 1957 жылы қазақ тілінде оқырман қолына тиген.
Жалпы кітапханада дәстүрлі түрде «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында кітап көрмесі ұйымдастырылады. Абонемент бөлімінде екі тұрақты көрме қойылады.