«ЮНЕСКО» көркемөнер мектебі оқытушыларының көрмесі өтті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Мұғалімдер күні қарсаңында С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада «ЮНЕСКО» көркемөнер мектебі оқытушылары жұмыстарының көрмесі өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

 

Көрмеге түрлі тақырыптағы 31 жұмыс қойылды. Олардың әрқайсысы бір-бірінен техникасы жағынан ерекшеленеді. Бір суретші туындыны салу үшін майлы бояуды таңдаса, енді біреуі басқа материалға басымдық берген. Суреттердің көбі натюрморт бағытында салыныпты. Кенеп бетінде қала көрінісін, кең даланың бейнесін, түрлі адамдардың портретін салғандар да бар. Көрменің ашылуымен жиналғандарды Оқушылар сарайы директорының орынбасары Людмила Зайнутдинова құттықтады. Кейін өзге де меймандар жылы лебіздерін білдіріп, мектеп оқушылары өлең оқыды.

-Әр суретшінің жұмыс барысында қолданатын өзіндік техникасы бар. Шығармашылық адам әр туындысына жан салып кіріседі. Әр суреттен автордың өзіндің болмысы танылып тұрады. Жеке өзім суреттерімді майлы бояумен саламын. Біз жыл сайын бұл мерекені асыға күтіп, ұзақ дайындаламыз. Ұжымдағы әр педагогтың өзіндік бағыты қалыптасқан. Мұны көрмедегі суреттердің әртүрлілігіне қарап аңғаруға  болады,- дейді суретші Айжан Даирова.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz