Өткен жылы облыста есірткіге қатысты 281 заң бұзушылық орын алды. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 13,9 пайызға көп болып отыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Заң бұзушылықтардың дені, яғни 105 факті синтетикалық есірткіні өткізуге байланысты болды. СҚО ПД бастығы Айдан Қабдұлдиновтың айтуынша, былтыр заңсыз айналымнан есірткінің 740 килограмы шығарылды.
– Есірткіні жаранамалау да заң бұзушылық болып табылады. Өткен жылы қылмыстарды алдын-алу мақсатында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 381 сайтты бұғыттауға өтініш жіберілді, — дейді Айдын Қабдұлдинов.