«Қызылжар» ФК-ның президенті қызметінен кетті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

«Қызылжар» футбол клубының президенті Григорий Лория қызметінен кетті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жақында «Қызылжар» клубтың президенті 70 жасқа толған болатын. Команданың баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Григорий Отарович Лория 2014 жылдан бері облыстағы футбол ұжымын басқарып келген. Бұған дейін ол елордалық «Жеңіс», көкшетаулық «Оқжетпес», қазіргі «Астана» клубтарына басшылық еткен. Сондай-ақ «Жеңіс» пен «Шахтер» командаларының бас директоры қызметін атқарған.

Әзірге маманның не себептен командадан кеткені белгісіз. Бұл жайлы «Қызылжар» ФК-ның баспасөз қызметі де тіс жармай отыр.

Соңғы кездері әлеуметтік желіде клубтың президентіне қатысты көп сын айтылды. Бірі жергілікті ұжымда «Қызылжар» футбол мектебінің түлектеріне мүмкіндік берілмей жатқанын алға тартса, енді басқалары орталық стадионның жағдайына қатысты пікірлерін ортаға салды. Шынында да, команда құрама жыл сайын жаңартылады, қатарға қосылып жатқандардың дені – легионерлер. Десе де бұл өзгерістер ішкі біріншілікте жүлде үшін таласуға септігін тигізбей келеді. Биыл ұжымды жасақтауға облыс әкімдігінен 2 млрд. теңге бөлінгенін атап өткен жөн.

Өткен жылы Григорий Лория «Қарасай» стадионын УЕФА талаптарына сай ету үшін күрделі жөндеуді бастаған еді. Клуб президенті бұл жұмыстар 2023 жылдың соңында аяқталатынын айтқанымен, жоспарын орындай алмады. Жөндеу жұмыстары биыл да жалғасын таппақ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz