Облыста қасқырлар жүр деген ақапарат шындыққа жараса ма

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстың Жамбыл, Қызылжар және Есіл аудандарында қасқырларды көрген ауыл тұрғындары дабыл қағуда. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы бұл ақпаратты растамайды да, жоққа да шығармай отыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Соңғы күндері әлеуметтік желіде атылған қасқырмен бейнесуретке түсу «трендке» айналғандай. Көбіне жабайы аңның өңірде бар екенін растайтын суреттер «WhatsApp» мессенджері арқылы тарап жатыр. Өмірлеріне алаңдаулы ауыл тұрғындары тіпті түнде далаға шығуға қорқып, дабыл қағуда.

– Біздің жақта еліктер мен қабандарды жиі кездестіруге болады. Оған таң қалмаймыз. Ал қасқыр барын естігенде төбе шашымыз тік тұрды, — дейді Есіл ауданының тұрғыны Бақыт есімді келіншек.

СҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы бөлімінің жетекшісі Олег Беспаловтың айтуынша, өткен жылдың ақпан-наурыз айларында облыста мекендейтін жабайы аңдардың есебі жүргізілді. Оған сәйкес, өңірде қасқыр тіркелмеді.

– Облысымыз өзге өңірлермен шектеседі. Олардың аумағында бұл жыртқыш аңдар бар. Сондықтан жануарлардың бізге келуі ғажап емес. Дегенмен алаңдауға еш негіз жоқ. Ормандарда қорек жеткілікті. Сондықтан қасқырлар адамдарға шабуылдамайды, — дейді Олег Беспалов.

Маманның сөзінше, қасқырларды тұрғындар адам саны аз ауылдар жанынан көрді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz