Облыста маралды заңсыз атқандар ұсталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыс полицейлері заңсыз аң аулаған екі браконьерді ұстады. Ауыл тұрғындары лақтайын деп жүрген маралды атып алған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 29 мамыр күні Қызылжар ауданының аумағында құжаттарды тексеру мақсатында Тайынша ауданының 62 жастағы тұрғыны тізгіндеп келе жатқан «Mitsubishi Outlander» автокөлігін тоқтатты. Оның жанында 41 жастағы ауылдасы отырған.

Жүксалғышты тексеру кезінде ішінен жануардың еті табылды. Алғашында ер адамдар оның сиыр еті екенін және Петропавлға сатуға апара жатқанын айтқан. Жедел-тергеу тобының тәжірибелі қызметкерлері олардың сөзіне күмәнмен қарайды.   Еттің шын мәнінде жабайы аңның, яғни маралдың етіне ұқсайтыны анық байқалып тұрған.

Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабы «Заңсыз аңшылық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Күдіктілердің айтуларынша, олар маралды Тайынша ауданындағы Макашевка ауылынан 15 километр  жерде атып алған. Олардың бірінің тұрғылықты жерінен еттің бір бөлігі мен «Caesar Guerini» мылтығы тәркіленді. Қару осы іске қатысы бар екінші адамға тіркелген, оның үйінен полицейлер етті мүшелеген орынды тапты.

— Күдіктілерден жауап алу барысында олар жануардың басын, терісін, тұяқтарын және ішіндегі тууға шақ қалған төлді лақтырып кеткен орынды көрсетті. Екі ер адам да қамауға алынды. Айта кету қажет, қазіргі уақытта облыс аумағында қандай да бір аңшылыққа тыйым салынған. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабының санкциясымен 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза көзделген, — дейді Қызылжар аудандық  полиция бөлімінің бастығы Әлихан Байқадамов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz