СҚО-ға «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 189 квота бөлінді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

«Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында өңірімізге 2024 жылы 189 квота бөлінген. Былтыр бөлінген квота саны – 190, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

«Аңсаған сәби» бағдарламасы балалы болуды армандап жүрген жұптар үшін таптырмас мүмкіндік. Мемлекет тарапынан соңғы үш жыл ішінде өңір тұрғындарына 608 квота берілген екен.

Нәтижесінде, экстракорпоральды ұрықтандыру арқылы 174 солтүстікқазақстандық келіншек жүкті болды. Оның 114-і сәбилерін бауырларына басып үлгерген. Жасанды ұрықтандыру арқылы дүниеге келген нәрестелердің 24-і – егіздер. Репродуктолог дәрігерлердің айтуынша, осы жылы шалғайда орналасқан елді мекен тұрғындарына назар аударылмақ. Өйткені бүгінгі күні есепте тұрғандардың дені – ауыл азаматтары. Олар көп жағдайда бұл жобадан қалыс қалады екен.

– Бүгінгі күні өңірде 923 жұп есепте тұр. Тек қаңтар айында 131 отбасы келіп, жобаға қатысуға ниет білдірді. Әзірге біз оның 27-ін бақылауға алдық. Айта кету қажет, егер олар бала көтере алмаса, келер жылы тағы өтініш бере алады. Яғни, ешқандай шектеу жоқ. Биыл облысқа мемлекеттік бағдарлама бойынша 189 квота бөлінді. Біз енді шалғай ауылдардағы бала сүйгісі келетін жұптармен жұмыс істеуді қолға аламыз. Осыған дейінгі квоталардың басым бөлігі қала және қала маңындағы аудан тұрғындарына берілген болатын, – деді облыстық перинаталдық орталықтың репродуктолог-дәрігері Виктор Проценко.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz