СҚО-да тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 75 фактісі анықталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста қаңтардың 15-сы мен 26-сы күндері аралығында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Мақсаты – отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында және мас күйінде жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларға жол бермеу, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Шара барысында өңірде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 75 фактісі тіркелді. Полицейлер тұрғылықты мекенжайы бойынша есепте тұрған 883 отбасымен жолықты.

– Тексеріс кезінде 133 азаматқа қорғаныс ұйғарымы шығарылып, сот алкогольді ішуге тыйым сала отырып, 40 құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талап қойды. 325 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 73-і отбасылық жанжалшыл мен агрессор, — дейді Петропавл қ. ПБ Бірінші полиция бөлімі ЖПҚБ бастығы Қанат Жұмабаев.

«Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде өмірлік қиын жағдайға тап болған және тұрмысы төмен 11 отбасы анықталды. Сондай-ақ алкогольге тәуелділіктен мәжбүрлеп емдеуге 9 адам арнайы медициналық мекемеге жіберілді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz