Биыл Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толды. Айтулы датаға орай Петропавлда өңірлік жарыс өтуде, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Биылғы дәстүрлі турнирге 120 ұл және қыз бала қатысып жатыр. «Дельфин» балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің жаттықтырушысы Александр Савельевтің айтуынша, бұл жарыста жеңіске жеткендер наурыз айында өтетін ел біріншілігінде өңір намысын қорғайтын болады.
– Жарыс жасөсіпірімдер арасында өтуде. Ендігі үлкен сын ел біріншілігі болады. Ол наурызда Бурабайда ұйымдастырылмақшы. Біздің турнир екі күнге шақталған, — дейді Александр Савельев.