Шатырын қар басқандарға айыппұл салынады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда көпқабатты үйлердің шатырын қар басып жатса, мүлік иелері бірлестігінің төрағаларына айыппұл салынуы мүмкін, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Қаладағы көпқабатты үйлердің шатырын қардан тазалау құны орта есеппен  60 мың теңге  екен. Бірақ баға подъезд бен аумаққа байланысты өзгереді.

— Бұл жұмыстарын аталмыш тұрғын үйлерге қызмет көрсететін ұйымдар жүргізуі қажет. Шатырды қар түскен кезден бастап тазалау керек. Бұл – олардың жұмысы, – дейді Петропавл қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Әсет Ысмағұлов.

Егер де МИБ немесе ПИК төрағалары тұрғындардың ескертуіне құлақ аспаса, онда учаскелік инспекторға арыздануға болады. Одан кейін жауапты тұлғаларға қомақты мөлшерде айыппұл салынады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz