Қазақстанда өлімнен кейінгі ағза донорлығы міндетті бола ма – министрлік жауабы

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова елімізде өлімнен кейінгі міндетті донорлықты енгізу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

— Жалпы, Қазақстанда заң деңгейінде адам қайтыс болғаннан кейінгі донорлық тәртібіне қатысты жұмыс реттелген. Дегенмен, бұл салада жетілдіретін тұстары бар шығар, бірақ ол тек заңнамалық базаға байланысты емес. Бұл жерде халықтың денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімі өте үлкен мәселе. Атап айтқанда, осы саладағы мәселелерді егжей-тегжейлі пысықтаймыз, — деді Ақмарал  Әлназарова.

Оның айтуынша, ағза донорлығын дамыту жұмысы кезең-кезеңімен жүргізілуі керек.

— Менің ойымша, халықтың өзі бұған дайын болуы керек. Біріншіден, мұны мәжбүрлі түрде жасауға болмайды. Біздегі заңнама ағза донорлығын дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сондықтан аталған мәселелер бойынша тиісті қадамдар жасап, ақпараттық жұмыс және халықтың қолдауы арқылы осыны кезең-кезеңмен іске асыру керек, — деп қосты министр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz