Облыста 1,7 миллиард теңгеге заңсыз балабақша салынбақ болған

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы өрескел бұзу фактілерін анықтады. Жергілікті шенеуніктер бюджеттік 1,7 млрд теңгеге заңсыз балабақша салмақ болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Бюджет қаражатының жұмсалуын талдау шеңберінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы өрескел бұзу фактілері анықталды.

— Облыс әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының лауазымды тұлғалары «Мемлекеттік сатып алу және сәулет-қала құрылысы қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарын бұза отырып, жер учаскесіне құқықтарын анықтайтын құжаттарсыз 1,7 млрд. теңгеге балабақшаның құрылысына мемлекеттік сатып алулар жүргізген, — дейді СҚО прокуратурасында.

Тағы бір жағдайда, Қызылжар, Уәлиханов аудандары әкімдіктерінің лауазымды тұлғалары мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарына қайшы, ашық конкурстың орнына баға ұсыныстарын сұрау арқылы 107 миллион теңгеден астам сомаға мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға әрекеттенген.

— Айыртау, Ғ.Мүсірепов, Қызылжар аудандарының әкімдіктері тауардың сапа сертификаттарының болуы туралы талаптарды белгілемей, 148 млн. теңге сомасына спорттық ойын алаңдарын сатып алу үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырды, — делінген прокуратура мәліметінде.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz