Соңғы төрт күннің ішінде облыста қызылшаны жұқтырудың 14 фактісі тіркелді. Эпидемиолог мамандардың сөзінше, жұқпалы ауруға көбіне 15 жастан асқан азаматтар шалдығуда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Өткен жылы өңірде қызылшаны 241 адам жұқтырса, биыл 143-і жұқпалы індетке душар болды. Оның 14 фактісі соңғы 4 күнде анықталды.
– Қызылшаны жұқтыру фактілері облыс орталығында көптеп тіркелді. Бүгіндері Петропавлда вирустық инфекция 313 адамда анықталды. 14 дерек Аққайың, 12 – Есіл, 7 – Қызылжар, 5 – Мағжан Жұмабаевта, 4 – Мамлют, 3 – Айыртау, Ғабит Мүсірепов атындағы, 2 жағдайдан – Тайынша және Уәлиханов және бір-бір деректен Жамбыл және Тимирязев аудандарында анықталды.
2023 жылдан бастап қызылшаны өңірдің 384 тұрғыны жұқтырды.