СҚО-да 9 адамды кене шақты

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Күн жылысымен кене шағудың эпидемиялық маусымы басталды. Бүгіндері облыста мұндай 9 факті тіркелді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, адамдарды кене шағудың деректері Айыртау, Аққайың, Тайынша және Петропавлда анықталды.

– Бір-бір фактіден Айыртау, Аққайың және Тайынша аудандары мен 6 дерек Петропавлда тіркелді. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда кене шағудың көрсеткіші 1,8 есеге төмен. Мәселен, былтыр 17 факті анықталған болатын. Сәуірдің 16-сы мен 18-і күндері Айыртау ауданындағы Айыртау және Лобаново елді мекендерінде дизенсекциялық шаралар жүргізілді, — дейді департаменттің баспасөз хатшысы Айнаш Сағындықова.

Мамандардың сөзінше, кенелер – кене энцефалиті, кене сүзегі, кене боррелиозы (Лайм ауруы), геморрагиялық қызба және т.б. сияқты көптеген жұқпалы аурулардың қоздырғыштары ретінде қауіпті.

– Кене энцефалитінің вирусы адамға негізінен иксод кенелері шаққан кезде жұғады. Кенені езгенде немесе тістеген жерлерді тырнағанда вирус теріге жағылып, аурудың пайда болуы мүмкін. Профилактикалық шараларының жүйесі кенелердің шабуылының алдын алу және аурудың арнайы профилактикасы деп аталатын шаралардан тұрады. Кене энцефалитінің табиғи ошағында болған адамдар профилактикалық иммундауға жатады.
Кене шағудың спецификалық емес профилактикасы үшін әдетте ұзын жеңді киім кию ұсынылады. Киімнің ашық түсіне артықшылық беріледі, өйткені қара кене ашық түсті киімде жақсы көрінеді.Әдетте кенелер жәбірленушіні шөпте немесе бутаның бұтағында отырғанда күтеді. Кенелер 1,5 метрден жоғары көтерілмейді, сондықтан олар адамның аяғына жабысады және соруға ыңғайылы жер іздейді. Кенелер баяу жәндіктер, адамның киіміне немесе денесіне түскенде бірден сормайды, жорғалап орынды жерді таңдайды. Сондықтан үсті-басыңды тексеріп отырған жөн. Кремдер, гельдер және аэрозольдер түрінде репелленттерді қолдануға болады, — дейді маман.

Мамандар келесі кеңестерді береді:

  • Кенені тапқаннан кейін, оны күшпен жұлып алуға тырыспаңыз. Кене теріге ауыз қуысының көмегімен жақсы бекітіледі. Сіз кененің тек денесін жұлып аласыз да, «басы» қалып қояды. Ол қатты қабыну реакциясын тудыруы мүмкін. Кене шаққан оынды н этил спиртімен немесе одеколонмен өңдеңіз, содан кейін денені басына мүмкіндігінше жақын ұстай отырып, кенені лассо-қаламымен, пинцетпен немесе қарапайым жіппен өзіңіз тартып алуыңыз керек. Кенені құмыраға, пластикалық көпіршікке немесе су бөтелкесіне салыңыз. Екі күн ішінде оны талдау үшін зертханаға апару керек. Жараны йодпен немесе спиртпен өндеңіз.
  • Кенені алу үшін майды, майлы кремді қолдануға болмайды! Бұл жағдайда оның демалуы бітеліп, сілекей мен қоздырғыштарды рефлекторлы түрде қанға жібереді, осылайша инфекция қаупін арттырады. Қолыңызды сабынмен мұқият жуыңыз.
  • Кене шағып алған адамдар медициналық көмек, кеңес беру және медициналық бақылау үшін тұрғылықты жері бойынша емханаға баруы керек.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz