Жерасты суларын заңсыз өндірген

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыс прокурорлары жерасты суларын заңсыз өндірудің фактілерін анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО прокуратурасының мәліметінше, Аққайың ауданының орман шаруашылығының лауазымды тұлғалары Қазақстан Республикасы Су кодексінің 66-бабының талаптарын бұза отырып, ұңғыманы бұрғылап, жер асты суларын рұқсатсыз өңдірген.

— Осыған ұқсас заң бұзушылықтар басқа да 19 мемлекеттік органдарда анықталды (Жамбыл, Қызылжар, Есіл аудандарының білім бөлімдері, Айыртау, М.Жұмабаев, Мамлют, Тайынша, Тимирязев аудандары әкімдерінің аппараты, «Пресновка, Булаев, Есіл» орман шаруашылықтары), — делінген прокуратура таратқан мәліметте.

Осы ретте мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының қадағалау актісі бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары ӘҚБтК-нің 141-бабы бойынша жалпы сомасы 423 680 теңгеге айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, рұқсат құжаттарын алу бойынша шаралар қабылдануда. Сонымен қатар қадағалау органы су объектілерін заңсыз басып алғаны және суды заңсыз пайдаланғаны үшін ӘҚБтК-нің 141-бабы бойынша жеке және заңды тұлғаларға әкімшілік жауапкершілік (айыппұл түрінде 103 500-ден 897 000 теңгеге дейін) қарастырылғандығын еске салады және соңғыларды қолданыстағы заңнаманың талаптарын сақтауға шақырады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz