Биыл 18-ге толатын балаларға Ұлттық қордан 30,6 млн. доллар бөлінді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Ұлттық банк басқарма төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов «Ұлттық қор — балаларға» жобасы аясында биыл 18-ге толатын балаларға қанша ақша аударылғанын айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

— «Ұлттық қор — балаларға» жобасы аясында бағдарлама операторы саналатын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Әділет министрлігінің деректер базасымен балалардың жалпы санын салыстырып тексерді. Барлық балаға валюталық шот ашылды. Өмірге жаңа келген балаға шот ашу процесі автоматтандырылды. Жыл сайын қаражат аудару механизмі әзірленді. Биыл барлық баланың шотына 696 млн. доллар есептелді. Осы жылы бағдарлама операторының (Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының) шотына 2024 жылы кәмелет жасына толатын балаларға 30,6 млн. доллар аударылды, — деді ол.

Ақылжан Баймағамбетов Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтері оң динамиканы көрсетіп тұрғанын атап өтті.

— Ол көрсеткіш қаңтар айында 18,1 трлн. теңгеге дейін, 1,5% өсті. Жыл басынан инвестициялық табыс көлемі 112,6 млрд. теңге болды. Зейнетақы жарнасы 186,9 млрд. теңге, ал жарнаны мерзімінен бұрын алу сомасы 34 млрд. теңге болды, — деді Ұлттық басшысының орынбасары.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz