Полицейлер жоғары сынып оқушыларымен кездесті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстікқазақстандық полицейлер «Сенімен болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің жобасына қосылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Жоба жастарға саналы түрде мамандық таңдауға көмектеседі. Петропавлдағы Әл-Фараби мектеп-лицейінің 10 және 11-сынып оқушылары облыстық полиция департаментінің тәрбие және кадр жұмысы басқармасының қызметкерлерімен кездесіп, тәртіп сақшылары Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына түсу жөнінде ұсыныстарын айтты.

– Полицияға әрқашан белсенді азаматтық ұстанымы бар, айналасындағылардың өмірін қауіпсіз етуді қалайтын білімді жастар қажет. Біз осындай жастарды қатарымызға қабылдауға әзірміз, – деп атап өтті Солтүстік Казақстан облысы полиция департаменті тәрбие және кадр жұмысы басқармасы бастығы Әбілғазы Ғабдуллин.

Мұндай кездесулерден бөлек, жоба аясында жоғары сынып оқушылары ұйымдарға, соның ішінде полиция департаментіне барып, пікірталастар өткізіп, эссе жазатын болады. Өз таңдауын жасап қойғандар үшін полицияға жұмысқа орналасудың барлық мәселелері бойынша Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары тұрғылықты жерінің полиция бөлімдерінде, Петропавл қаласы, Алматы көшесі, 55 үй 314-кабинетке және Петропавл қаласы, Жұмабаев көшесі, 118 мекенжайы бойынша, немесе 8 (7152) 61-26-68, 39-48-05, 39-48-94 телефондарына хабарласуға болады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz