Құтқарушылар пәтерде қамалып қалған үш жасар баланы құтқарды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлдық құтқарушылар пәтерде жалғыз қамалып қалған үш жасар баланы құтқарды. Оқиға ақпанның 13-і күні орын алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО ТЖД мәліметінше, кеше сағат 10:54-те «112» пультіне әйел адам хабарласып, пәтерінің есігі жабылып, үш жасар баласы үйде жалғыз қалып қойғанын айтқан. Оқиға орнына дереу жеткен жедел құтқару жасағының мамандары арнайы альпинистік жабдықтармен терезе арқылы кірді.

– Оқиға Шухов көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде тіркелді. Құтқарушылар жағдайды бағамдап, Еділ Зикрин төбеден төртінші қабатқа кіріп, пәтер есігін іштен ашты. Бала дін аман, – дейді СҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Жалпы жыл басынан бері жедел құтқару жасағы 26 үйдің есігін ашып, 9 баланы құтқарды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz