Ауған соғысының ардагерлері жастармен кездесті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Ауғанстан жерінен әскерлердің шығарылуына 35 жыл толуына орай жауынгер-интернационалистер  Давыд Шнайдер, Бағдат Ешманов, Владимир Шмалько ведомстволық музейде өткен экскурсия шеңберінде Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің екінші курс студенттеріне қызмет атқарған жылдары мен өздері қатысқан ұрыстар жайлы айтып берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Ардагерлердің әңгімелерін жастар ұйып тыңдады, қызықтырған сұрақтарын қойды. Бүгінгі күннің жастарына ардагерлер үнемі білімдерін арттырып отыруды айтып, бейбітшілікті бағалай білуге кеңес берді.  Әсерлі кездесу 1979-1989 жылдары болған Ауған соғысының тарихы туралы деректі фильмді тамашалауға ұласты.

Аталған іс-шараны облыстық полиция департаменті музейінің қызметкерлері мен колледж ұстаздары ұйымдастырды. Музейдің меңгерушісі Любовь Осинскаяның айтуынша, осы кездесудің музейде, әсіресе, сол жылдарға арналған экспозициялардың жанында және соғыс даласында тау мен тастың арасында қанды күреспен бетпе-бет келген ардагерлердің ортасында өткені жиналғандарды бей-жай қалдырмаған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz