Облыста Орман кодексі талаптарын өрескел бұзғандар анықталды. Прокурорлардың мәліметінше, орман пайдаланушылары шарттық міндеттемелерді елемей, 534 га аумақты қамтитын жерде қажетті қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізбеген, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
— Облыстың орман шаруашылықтарында (Аққайың, Булаев, Есіл, Пресновка, Жамбыл, Орлиногорск, Мамлют) Кәсіпкерлік кодекстің талаптарына қайшы, жеке тұлғаларға ағаш сатуға, орман билеттерін заңда белгіленген нормадан артық беру фактілері анықталды. 7 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, бюджетке 11 млн.теңге көлемінде ормандарды толықтыру төлемі өндірілді. Сондай-ақ әзірленген кешенді жоспар аясында жіберілген бұзушылықтарды жою шаралары қабылдануда, — дейді облыстық прокуратурада