Ақпанның 16-сы ауа райының қолайсыздығына байланысты 16 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 100 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазаАвтоЖол» компаниясы хабарлады, деп жазады Qyzyljarnews.kz.
Абай облысында — 9 учаске (1 243 км)
Ақмола облысында — 27 учаске (2 201 км)
Ақтөбе облысында – 5 учаске (778 км)
Алматы облысында — 1 учаске (84 км)
Атырау облысында — 1 учаске (9 км)
Шығыс Қазақстан облысында – 5 учаске (408 км)
Жамбыл облысында — 1 учаске (450 км)
Жетісу облысында — 1 учаске (100 км)
Батыс Қазақстан облысында — 1 учаске (133 км)
Қарағанды облысында — 8 учаске (1 158 км)
Қостанай облысында — 11 учаске (1 508 км)
Қызылорда облысында — 1 учаске (815 км)
Павлодар облысында — 9 учаске (1 624 км)
Солтүстік Қазақстан облысында — 15 учаске (1 924 км)
Түркістан облысында — 2 учаске (283 км)
Ұлытау облысында — 3 учаске (543 км)
Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 141 бірлік техника және 196 жолшы жұмылдырылған.