Алимент төлеуден жалтарған азамат табылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-да 2019 жылдан бері балаларына алимент төлеуден жалтарып жүрген азамат табылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Полицейлер 8 және 7 жастағы екі ұлы мен қызына алимент төлеуден жалтарған солтүстікқазақстандықты іздеп тапты. Тәртіп сақшылары оның Ақмола облысының Щучинск қаласында орналасқан жерінде анықтады. Материалдар сот орындаушыларына жіберілді.

Жыл басынан бері көші-қон қызметі бөлімшелерінде айыппұлдар, борышкер мен алимент төлемеушілер немесе туыстық байланыстарын жоғалтқан 60 адам іздеуде. Бір жарым айдың ішінде тәртіп сақшылар олардың 19-ын тауып, құзырлы органдарға тапсырды.

Белгілі болғандай, қаңтар айынан бастап көші-қон қызметінің мамандары елде болу мерзімін бұзудың 69 және шетелдіктерді заңсыз жұмысқа орналастырудың 7 фактісін анықтады. Мұндай жағдайларды анықтау мақсатында шаруа және ферма қожалықтарына, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына, құрылыс объектілеріне, базарларға, вокзалдарға және басқа да заңсыз еңбек мигранттары болуы ықтимал жерлерге тұрақты түрде тексерулер жүргізіледі. Сонымен қатар Қазақстанның 23 азаматы үш күндік мерзім ішінде полицияға шетелдіктердің келгені туралы хабарламағаны үшін жауапқа тартылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz