Абаттандыру ережесін бұзған

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Ақпанның 13-і күні Петропавл қаласы полиция басқармасы бірінші полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары 47 кәсіпкерлік нысанының иесімен кездесіп, абаттандыру ережелерін сақтау жөнінде әңгімелесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Бір күннің ішінде 47 кәсіпкерлік нысанның 23 иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– Заң талаптарын елемей отырған кәсіпкерлер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады. Бұл баптың санкциясы – ескерту немесе жеке тұлғаларға 20 айлық есептік көрсеткіштен ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 100 АЕК-ке дейінгі айыппұл салуды көздейді, – дейді бірінші полиция бөлімінің бастығы Тілеген Әлжанов.

Полицейлер дүкендер мен салондардың жанындағы шығарылмаған қар үйінділері – қала көшелерінің көркін бұзып қана қоймай, жаяу жүргіншілер үшін кедергі келтіретінін алға тартуда. Сондай-ақ көктемде су басу қаупін төндіретінін еске салады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz