Петропавлда «Солтүстік – 2024» спорттық ойындары аясында керлинг пен конькимен жүгіруден облыс чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Аталмыш спорт түрлерінен облыс біріншілігі үш күнге шақталды. Керлингтен жалпыкомандалық есепте бірінші орын Есіл ауданының командасына бұйырды. Күміс медальдарға Қызылжар ауданы еншілесе, үздік үштікті шалақындықтар түйіндеді.
Коньки жүгіруден жеңіс Шал ақын ауданының командасына бұйырса, екінші орынға қызылжарлықтар қол жеткізді. Үшінші орын Ғ.Мүсірепов ауданының спортшыларына бұйырды.
«Солтүстік – 2024» спорттық ойындарының салтанатты ашылуы ақпанның 23-і күні сағат 19:00-де Қызылжар ауданының орталығы Бескөл ауылында өтеді.