174
Шайбалы хоккейден ел біріншілігінде «Құлагер» клубы рудныйлық «Горняк» командасына жол берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Құлагер» мен «Горняк» командалары арасындағы ойын Рудный қаласында өтті. Өкінішке қарай, жерлестеріміз ірі есеппен алаң иелерінен жеңілді. Кездесуде қос қақпаға барлығы 10 шайба салынса, тек екеуін ғана солтүстікқазақстандықтар өз еншісіне жазды. 8:2 есебімен тіркелген ойын, «Горняк» клубының пайдасына аяқталды.