Қызылжар ауданының әкімі болып Сақтаған Сәдуақасов тағайындалды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен, СҚО әкімінің өкімімен Сақтаған Сәдуақасов Қызылжар ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Сақтаған Кәкімбекұлы Сәдуақасов 1981 жылы Ақмола облысына қарасты Тассуат ауылында дүниеге келген. Бүгінгі тағайындауға дейін ол «AMANAT» партиясының Астана қаласы бойынша филиалының атқарушы хатшысы болып қызмет атқарды.

Еңбек жолы: 

2004-2009 жылдары Астана қаласы ішкі саясат департаментінің талдау және мониторинг бөлімінің маманы болып қызмет атқарды.

2009 жылдан бастап ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құрылымында еңбек еткен. Сондай-ақ әр жылдары «Nur Otan» партиясының орталық және қалалық филиалында түрлі лауазымдарда, оның ішінде орталық аппараттың қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.

2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы «Nur Otan» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Кейін «АMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары, ал 2023 жылдың маусымынан хатшысы болып еңбек етті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz