Қала мектептерінде қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавл мектептерінде терроризм актісі туралы жалған хабарламалардың таралуына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов бүгін «19 ақпан Петропавлдың 7 мектебіне шабуылдаймыз» деп әлеуметтік желіде тараған жазбаға қатысты түсінік берді.

— Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Петропавл қаласының мектептеріндегі терроризм актісі туралы жалған хабарлауға қатысы бар тұлғаларды анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сонымен бірге оқу орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және күзетті күшейту бойынша қажетті шаралар қабылданды; облыс орталығындағы барлық оқу орындарына жеке құрамның күштері мен құралдары бөлініп бекітілді. Бұған дейін осыған ұқсас хабарламалар көрші мемлекеттен Қазақстанның басқа бірқатар өңірлеріне келіп түсті.Аталған мәселе менің жеке бақылауымда. Халықты осындай хабарламалардан үрейге берілмеуге және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз, — деді Айдын Қабдұлдинов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz