Полицейлер жол жиегінен шығып кеткен көліктің жүргізушісіне көмектесті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-да полицейлер ауыр жүк тиелген «КамАЗ» көлігін жол жиегінен алып шығуға көмектесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда жолдың тайғақтығынан «КамАЗ» жол жиегінен шығып кетті. Жүргізуші «102» арнасына хабарласып, оқиға орнына патрульдік полиция батальонының қызметкерлері келіп жетті. Олар жақын маңда жұмыс істеп жатқан «ДЭУ-66» техникасының көмегіне жүгінді.

«КамАЗ» көлігінде тиелген ауыр жүк болғандықтан көлікті жолға сүйреп шығарудың алғашқы әрекеті сәтсіз болды. 57 жастағы жүргізуші Рузаевка ауылында түнеді. ДЭУ-66 техникасы «КамАЗ» жүк көлігін шығарып алды.

– Қыстың күрделі климаттық жағдайына байланысты арнайы техника жолдарды тазалап үлгермей жатады. Мұны есте сақтап, жолда аса сақтықты сақтауды сұраймыз. Жолдың күрделі учаскелерінде жылдамдықты төмендетіңіз. Жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды және көлік құралдарының техникалық жай-күйі қадағалаңыз. Әсіресе ауа райының нашарлауы қарсаңында ерекше қажеттіліксіз алыс қашықтықтағы сапарларға шықпаңыз, – дейді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті патрульдік полиция батальоны командирі Уәлихан Оразалин.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz