Полицейлер қан тапсырды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО полицейлері жол жүрісі қауіпсіздігі апталығының соңында қан тапсырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Өткен жұма күні СҚО полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының кезекшілікке жұмылдырылмаған қызметкерлері облыстық қан орталығына келіп, донорлық акцияға қатысты.

Учаскелік инспекторлар, облыстық ПД және Петропавл қалалық ПБ патрульдік полиция батальондарының қызметкерлері халықпен тығыз жұмыс жасайды, қиын жағдайларда алғашқылардың бірі болып көмекке келеді. Олар жол-көлік оқиғаларында, өрт салдарынан және басқа да оқыс оқиғаларда зардап шеккендерге донорлық көмектің қажет екенін жақсы түсінеді.

– Жергілікті полиция қызметі бөліністерінің барлығы 20 астам қызметкері қан тапсырды. Қызметкерлердің қан тапсыруы “Жол жүрісі қауіпсіздігі апталығы” кең ауқымды республикалық акциясының соңғы іс-шарасы болды. Өткен апта бойы брифинг, әлеуметтік желілердегі тікелей эфир, жол қозғалысының қатысушыларымен әңгімелесу, жарық қайтарғыш браслеттер тарату, балалар арасындағы суреттер байқауы, оқушылармен кездесіп, жол үстіндегі қауіпсіз жүріп-тұруды жеткізу сияқты ақпараттық-түсіндіру сипатындағы бірқатар іс-шаралар өткізілді, – дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz